Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

Мақтарал ауданына өкпені жасанды желдету аппаратының 10 данасы берілді

Короновирустық пандемияға қарсы іс-шаралар аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-сы Түркістан облысының Мақтарал ауданына «Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету қондырғыларының 10 жиынтығын тегін берді.

Мақтарал аудандық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Өсер Мырзамдамов алғыс білдіре отырып, бұл аппараттар адамның өмірін сақтап қалуға және ауданның медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайтынын айтты.

“Көкшетау-4П” аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.

“Қазақстан инжиниринг” ҰК-ның еншілес кәсіпорны болып табылатын “Тыныс” зауытында биыл осындай 680 аппарат шығару жоспарланған.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 91 ӨЖЖ аппаратын тегін берілді.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Тізіміне оралу