Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басшылығы арасында кезекті аппараттық кеңес өткізілді

Еншілес кәсіпорындар директорларының қатысуымен "Қазақстан Инжиниринг" ҰК " АҚ басшылығы арасында кезекті аппараттық кеңес өткізілді. Кеңесте ағымдағы жылғы жұмыстың алдын ала нәтижелері, сондай-ақ келесі жылға арналған жоспарлар талқыланды. Әрине, биылғы жыл қиын болды және коронакризис жалпы салаға айтарлықтай әсер етті, бірақ біздің бүгінгі міндетіміз – пайда мен өндіріс көлемінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Жыл басында мәлімделген және бекітілген көрсеткіштердің орындалуы зауыт басшылығының жұмысын бағалаудың негізгі критерийі болатыны атап өтілді. Тиісті тапсырмалар беріліп, келесі жылға арналған жоспарлар мен міндеттер бекітілді.

Тізіміне оралу