Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

«Тыныс» өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды 15 есеге арттырады

«Тыныс» зауыты («Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның еншілес кәсіпорны), короновирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды.

2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 15 еседен астамға (500 дана жиынтық өнімге дейін) ұлғайтылды. Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін зауыт жылына 30 дана жиынтық қондырғыларды шығарып келгенін айта кету керек.

«Тыныс» өкпені жасанды желдетуге арналған құрылғылар шығаратын Қазақстан Республикасындағы жалғыз кәсіпорын.  «Көкшетау-4П» аппараты өзінің ман қырлы өызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.

Қазірдің өзінде 19 данадан тұратын  аппараттардың алғашқы партия еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілді және 40-тан астамы қоймада жөнелтілуге ​​дайын тұр.

Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын мақта маталарынан қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар өндірісін игерді. Бұл қорғаныш заттарымен Ақмола облысының медициналық, мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындары қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, «Tыныс» шығаратын негізгі өнімдер - бұл ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, ҚР күштік құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ, мұнай-газ, теміржол саласы және т.б. үшін де арнайы азаматтық өнімдер шығарады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Тізіміне оралу